Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 922 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 922 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың созылмалы аурулары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде:

бесінші абзацтағы «күйіс қайыратын ұсақ малдардың обасы» деген сөздерден кейін «, бруцеллез» деген сөзбен толықтырылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку