(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫНДАҒЫ... ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
Бекiтiлген
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнiң Төтенше
жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және
қадағалау комитетi туралы epeжe
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi міндеттерi өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгiн, қауiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздiгiн және оны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қадағалау, өрт сөндiрудi ұйымдастыру болып табылады.
Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
5. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.
Редакция документа
Демо – версия документа