(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.09.04 Ж. № 981 ҚАУЛЫСЫ
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын
құрудың кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі № 981 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 25 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 22-25 желтоқсандағы Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткiзген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары 4-тармағының 1) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын (бұдан әрi - "Қорғас" ШЫХО) құру туралы негіздемелік келісімнiң жобасы мақұлдансын.
Редакция документа
Демо – версия документа