(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998.22.06. № 578 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жер қойнауын
пайдалану жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 маусымдағы № 578 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялау тәртібі туралы ереженi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 тамыздағы № 1017 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 34, 321-құжат);
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануды лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:
1-тармақта:
"жер қойнауын пайдалану" деген сөздер "мемлекеттің меншiгіндегі және нақты мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілмеген пайдалы қазбаларды, оның iшiнде техногендi минералды түзiлiмдерден, барлау және өндiру, өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және/немесе пайдалану" деген сөздер ауыстырылсын;
2-тармақтағы "меншiгіндегі" деген сөзден кейiн "және нақты мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілмеген" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын пайдаланушыға меншiк (шаруашылық жүргiзу, жедел басқару) құқығымен тиесiлi техногендiк минералды түзiлiмдерден пайдалы қазбалар өндiру - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды. Жер қойнауын пайдаланушыға немесе ол өзiне тиесiлi техногендi минералды түзiлiмдердi сатқан немесе өзге тәсiлмен берген тұлғаға лицензиялар беру "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi (минералдық шикiзаттарды қайта өңдеуге лицензия беру).";
5-тармақтағы "техногендi" деген сөзден кейiн "минералды" деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақтың екiншi абзацындағы "геологиялық зерделеу" деген сөздер "барлау және/" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа