(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiлiгiнiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Минситрлер Кабинетінің
4 қыркүйектің 1992 ж. № 744 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Америка Құрама Елшiлiгi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық жалақы қоры 217578 АҚШ доллары мөлшерiнде болатын 20,75 адам шамасында бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiсiне айына 1880 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
4. Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiсiнiң шет ел валютасымен алатын жалақысына қарайластырылып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа