Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 743 Қаулысы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 743 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілiк табелінде:

"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі" деген бөлiмде:

"Өзен" деген бағанда:

"Жамбыл" және "Маңғыстау" деген жолдардағы тиiсiнше "1" және "2" деген сандар алынып тасталсын;

"Қарағанды" және "Павлодар" деген жолдар тиiсiнше "1" және "2" деген сандармен толықтырылсын.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку