Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Мәскеу қ. , 2005 жыл 25 қараша)

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы
Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(Мәскеу қ., 2005 жыл 25 қараша)

 

2007 жылғы 21 шілдедегі № 284-ІІІ ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келiсті:

1. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:

«Полигон - жер учаскелерiн және онда орналасқан мүлiктi қамтитын бiртұтас кешен.

Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгі үшін ставка - Полигонның жер учаскелерiн, оның iшiнде жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерi орналасқан жер учаскелерiн жалдауға берілген аудан (гектар) бiрлiктерiн пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 2,33 АҚШ доллары мөлшерiнде белгіленедi.».

2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Шарттың 3-бабымен белгiленген полигондарды жалдау объектiсiнiң бiрлiгі ставкасын негізге ала отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 18,932 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте, жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан Республикасының аумағында сол күннен кейiн енгізiлген және Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық түрлерiн ескередi.

Полигонның жалға берілетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерi орналасқан жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген жағдайда жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгіне белгiленген ставканы негiзге ала отырып жер учаскелерiнiң жалданатын ауданының өзгеруiне мөлшерлес өзгередi.

Жалға беру ақысының өзгеруiн Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамамен рәсiмдейтiн болады.

Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстауға Ресей Тарабының үлестiк қатысу мөлшерi Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету туралы жеке хаттамамен айқындалады және Полигонды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының құрамына кiредi.».

3. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Шарттың 4-бабында белгiленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап еркiн айырбасталымды валютада (АҚШ доллары) жүзеге асырылатын болады.

Жалдау төлемдерiн аудару жыл сайын әрқайсысы екi тең үлестермен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5 күнiне дейiн жүзеге асырылады.

Қазақстан Тарабы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне қаражатты аудару үшiн төлем алушыны және қаржы деректемелерiн көрсете отырып хабарлама жiбередi.

Төлем алушы және (немесе) оның қаржы деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабы кезектi төлем мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігіне бұл туралы хабардар етуге мiндетті.».

Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушілiктер Тараптар арасында өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешілетiн болады.

Тараптардың бiрiнде бiрлескен шешiмдi талап ететін мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабардар етедi.

Осы Хаттама Тараптардың оның күшiне енуi үшін қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енедi.

Осы Хаттама 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шарттың ажырамас бөлiгі болып табылады.

 

2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерiндегі екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

 

 

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ            РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

      ҮШIН                              ҮШIН

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку