Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі арасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 680 Қаулысы

“Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Yкіметі арасында "Қорғас" шекара маңы
ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы
келісім жасасу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 680 Қаулысы

 

2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінiң арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Болат Советұлы Смағұловқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келісім жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку