Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 681 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 681 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 742 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 1-жолдың, «Ic-шара» деген бағанындағы «қолданыстағы заңнамалық кесімдерді»»деген сөздер «қолданыстағы заңнаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 2-жолда:

«Ic-шара» деген бағандағы «үш жылға арналған» деген сөздер «екі жылға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Орындау мерзімі» деген бағандағы «Жыл сайын» деген сөздер «Екі жылда 1 рет» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 6-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Жарты жылда 1 рет»;

реттік нөмірі 7-жолдың «Аяқталу нысаны» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік және орыс тілдерінде заңнама терминдерінің сөздігін шығару»;

реттік нөмірі 8-жолда:

«Жауапты орындаушылар» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Әділетмині, ІІМ, ЭСЖҚА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)»;

«Орындау мерзімі» деген бағандағы «2003 жылғы 1-тоқсан» деген сөздер «2005 жылғы 4-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 9-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2002 жылғы 4-тоқсан» деген сөздер «2006 жылғы 4-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 13-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2004» деген сандар «2006» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 16-жолдың «Ic-шара» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу»;

реттік нөмірі 22-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2004» деген сандар «2006» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 25-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2002» деген сандар «2006» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«27 Неке және отбасы туралы   Кодекс       Әділетмині     2007

    Қазақстан Республикасы    жобасы                      жылғы

    Кодексінің жобасын                                    4-тоқсан

    әзірлеу                                                      ";

 

реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 31-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағаны «ҚҚА (келісім бойынша)»деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 32-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағанындағы «ҰБ (келісім бойынша)»деген сөздер «ҚҚА (келісім бойынша)»деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 47-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2004» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 51-жолдың «Орындау мерзімі» деген бағанындағы «2004» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-1, 61-2-жолдармен толықтырылсын:

 

«61-1 »Алқабилер туралы»      Заң жобасы  Әділетмині,     2005

      Қазақстан Республикасы              ЖС              жылғы

      Заңының жобасын әзірлеу             (келісім        2-тоқсан

                                          бойынша)

61-2 »Қазақстан              Заң жобасы  Әділетмині,     2005 

      Республикасының кейбір              ЖС              жылғы

      заңнамалық актілеріне               (келісім        2-тоқсан

      алқабилер соты                      бойынша)

      институтын енгізу

      мәселелері бойынша

      өзгерістер мен

      толықтырулар енгізу

      туралы» Қазақстан

      Республикасы Заңының

      жобасын әзірлеу                                           ";

 

реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

«66 »Заңсыз жолмен алынған    Заң жобасы   БП (келісім    2005

    кірістерді заңдастыруға                бойынша),      жылғы

    (жылыстатуға) және                     ЭСЖҚА          3-тоқсан

    терроризмді қаржыланды-                (келісім

    руға қарсы ic-қимыл                    бойынша),

    туралы»                                Қаржымині,

    Қазақстан Республикасы                 ІІМ, ҰБ

    Заңының жобасы                         (келісім

                                           бойынша),

                                           ҰҚК

                                           (келісім

                                           бойынша),

                                           ҚҚА

                                           (келісім

                                           бойынша)             ";

 

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-1-жолмен толықтырылсын:

 

«66-1 »Қазақстан              Заң жобасы  БП (келісім     2005

      Республикасының                     бойынша),       жылғы

      кейбір заңнамалық                   ЭСЖҚА           3-тоқсан

      актілеріне заңсыз                   (келісім

      жолмен алынған                      бойынша),

      кірістерді заңдастыруға             Қаржымині,

      (жылыстатуға) және                  ІІМ, ҰБ

      терроризмді қаржылан-               (келісім

      дыруға қарсы ic-қимыл               бойынша),

      мәселелері бойынша                  ҰҚК

      өзгерістер мен                      (келісім

      толықтырулар енгізу                 бойынша),

      туралы» Қазақстан                   ҚҚА

      Республикасы Заңының                (келісім

      жобасы                              бойынша)               ";

 

реттік нөмірі 71-жолда:

«Жауапты орындаушылар» деген бағандағы «ҚПА» деген аббревиатура «ЭСЖҚА» /келісім бойынша/ деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

«Орындау мерзімі» деген бағандағы «2003 жылғы 4-тоқсан» деген сөздер «2006 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 80-жолда:

«Ic-шара» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мeмлeкeттiк бағдарлама әзірлеу»;

«Орындау мерзімі» деген бағандағы «2003» деген сандар «2005» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 90-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағанындағы «ӘдМ» деген аббревиатура алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку