Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 639 Қаулысы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы
№ 110 қаулысына толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы
№ 639 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi:

мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын:

"103-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару агентіне ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерiндегi бiржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку