Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 615 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 және Қазақстан
Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 615 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:

1) "Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 27, 300-құжат):

1-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасына" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасының" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы "Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібінде:

7-тармақтағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку