Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы № 549 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы № 549 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы ережеде:

10-тармақта:

1) тармақшада:

мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізудi;";

сегiзiншi абзацта:

"жылжитын мүлiк кепiлдiгiн" деген сөздерден кейiн "есепке алуды және" деген сөздермен толықтырылсын;

"Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды" деген сөздерден кейін ", олардың жеке куәлiктерi мен төлқұжаттарын дайындауды және бepудi" деген сөздермен толықтырылсын;

2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлігінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;

стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;

өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуді.";

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ережеде:

10-тармақта:

1) тармақшада:

алтыншы абзацта "жеке нотариустар лицензияларының" деген сөздер "нотариустық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

жетiншi абзацта "адвокаттар лицензияларының" деген сөздер "адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;

өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;

оған басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлігінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;";

2) тармақшаның бiрiншi абзацында "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;

11-тармақтың 7) тармақшасында "жеке нотариустардың және адвокаттардың лицензияларын" деген сөздер "нотариустық (адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ережеде:

10-тармақта:

1) тармақша:

мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

"сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындауды;";

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды;

қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды;

басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;

Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізудi;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;";

2) тармақшада:

жетiншi абзацта "түзету мекемелерiнде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

сегiзiншi абзацта "сотталғандардың" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

4) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:

1-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында:

"жылжымайтын мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын;

"азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақта:

1) тармақшада:

екiншi абзацта:

"жылжымалы мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын;

"азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi абзацта "азаматтарды тiркеу және құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"жеке тұлғаларға меншiк құқығында тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын олардың салық салу объектілерін бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды;

стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;

өз құзыретi шегінде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;

оған басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;";

2) тармақшаның екiншi абзацында:

"жылжымайтын мүлiк кепілiн" деген сөздер кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын;

"азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен толықтырылсын;

5) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті туралы ережеде:

10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

"басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар Комитетке берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтерді қорғауды қамтамасыз етуді;

Қазақстан Республикасының заңнамасын зияткерлік меншiк саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар енгізудi;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;

стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді;";

11-тармақ 10) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

"11) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне тексерудi жүзеге асыруға".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку