Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 және 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 538 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 және 2004 жылғы
31 тамыздағы № 917 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 538 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 56-құжат):

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Жыл сайын 1 ақпан мен 1 тамызға:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi - республикалық меншiк бойынша;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi -  коммуналдық меншiк бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.";

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:

"Бағдарламаны iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

реттiк нөмiрлерi 2.2., 2.11., 2.17., 3.3-жолдардағы, 3-бағанда "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру", "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммуналдық меншiк бойынша)" деген сөздер тиiсiнше алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 1.6-жолда 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"ЭБЖМ, ҚapM";

реттiк нөмiрi 2.4-жолда:

3-баған "ҚарМ ММЖК-ге" деген сөздерден кейiн ", әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдiктерімен" деген сөздермен толықтырылсын;

4-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша), коммуналдық меншіктің атқарушы органдары";

реттiк нөмiрлерi 2.5., 2.6-жолдардағы 3-баған "(республикалық меншiк бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 2.7-жолдағы 2-бағанда ("2001 жылғы 9 сәуірдегі № 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 сәуiрдегі № 135" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 2.8-жолда:

2-бағанда "2001 жылғы 9 сәуірдегі № 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 ақпандағы № 135" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-баған "(республикалық меншiк бойынша)"деген сөздермен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 2.9-жолда:

2-бағанда "2001 жылғы 9 сәуірдегі № 182" деген сөздер "2003 жылғы 2 ақпандағы № 135" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-баған "(республикалық меншiк бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;

4-бағанда "ЭMPM, ККМ, АШМ" деген аббревиатуралар "Орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 2.14-жолдағы 2-бағанда "2)," деген сан алынып тасталсын;

реттік нөмiрi 4.1-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн объектiлердiң тiзбесi бойынша экономиканың стратегиялық мәнi бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыруды қамтамасыз ету";

реттiк нөмiрi 4.2-жол алынып тасталсын;

peттік нөмiрi 4.3-жолда:

2-бағанда ", сенiмгерлiк басқарушылардың, концессияшылардың және жалгерлердiң" деген сөздер алынып тасталсын;

3-бағанда "ҚарМ ММЖК-ге ақпарат беру (коммуналдық меншiк бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;

4-бағанда "ҚарМ ҚБК" деген сөздер алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:

2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленiп жатқан мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесінде (4-бөлiм):

"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі" деген тарауда:

"Әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарлама" деген параграфта:

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 64-2-жолмен толықтырылсын:

"64-2 Мемлекеттік     2006    - ЭБЖМ,  Талап    Талап     Талап
      мүлікті         2008 жж.  ҚарМ   етiлмейдi етілмейдi етiлмейдi
      басқарудың және
      жекешелендiрудiң
      тиiмділігiн
      арттырудың
      2006-2008
      жылдарға арналған
      бағдарламасы
      (Мемлекеттік
      мүлiктi
      басқарудың және
      жекешелендiрудiң
      тиiмділігiн
      арттырудың
      2003-2005
      жылдарға арналған
      салалық
      бағдарламасын
      iске асыру
      жөніндегі iс-шаралар
      жоспарының 1.6-
      тармағына сәйкес
      әзiрленедi)                                            ".

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку