«Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 мамырдағы № 549 Өкімі (күші жойылды)
Мемлекеттік рәмiздер жөніндегі республикалық комиссия қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
өкiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 мамырдағы № 549 Өкімі
ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 312 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмiздер жөніндегі республикалық комиссияның қызметiн жандандырып, мемлекеттік рәмiздердi қолдану және насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай өкiмдерiне өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 2 шілдедегі № 3578 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 30, 268-құжат; 2001 ж., № 23, 282-құжат; 2002 ж. № 42, 415-құжат; 2003 ж., № 35, 347-құжат):
жоғарыда аталған өкiммен бекітiлген Мемлекеттік рәмiздер жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженiң 11-тармағындағы "қоғамдық келісім" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа