Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 515 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 26 мамырдағы № 515 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

тақырыбында «тәртібi туралы нұсқаулықты» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақта «тәртібі туралы нұсқаулық» деген сөздер «ереже» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта:

тақырыбында «тәртібі туралы нұсқаулық» деген сөздер «ережесi» деген сөзбен ауыстырылсын;

1-тармақта «тәртібi туралы нұсқаулық», «Нұсқаулық» деген сөздер «ереже» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақта «Нұсқаулық» деген сөз «Ереже» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақта «тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 3 есе мөлшерiнде, интерндерге айлық есептік көрсеткіштiң 5,5 есе мөлшерінде» деген сөздер «6434 теңге мөлшерiнде, интерндерге 11652 теңге мөлшерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақта «Клиникалық ординаторларға» деген сөзден кейiн «және денсаулық сақтау магистранттарына» деген сөздермен толықтырылсын;

15-тармақта «осы нұсқаулыққа» деген сөздер «осы Ережеге» деген сөздермен ауыстырылсын;

25-тармақта «осы Нұсқаулықтың» деген сөздер «осы Ереженiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымшада «нұсқаулыққа» деген сөз «ережеге» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку