Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997 Ж. 26 СӘУРДЕГІ № 665 ҚАУЛЫСЫ

Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегі № 665 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 28.01.98 ж. № 44; 27.05.97 ж. № 886; 23.10.98 ж.
№ 1077; 28.12.98 ж. № 1346; 17.08.99 ж. № 1175; 11.06.03 ж.

№ 571 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы мен экономикалық өсуiн ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған қаржы қаражаттарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында және "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн жабық үлгiдегi акционерлік қоғам нысанында банктiк емес қаржы мекемесi ретіндегі Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын (бұдан әрi - Қор) құрсын.

ҚР Үкіметінің 23.10.98 ж. № 1077 11.06.03 ж. № 571 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қордың негiзгi функциялары:

шағын кәсiпкерлiктi қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу және оны жүзеге асыру;

заңды тұлға құрусыз дара кәсiпкерлiктi қоса есептегендегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағытына, тауарлар мен қызмет көрсетулер рыногының конъюнктурасына және жекелеген аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалдың ерекшелiктерiне сүйенiп, дербес мақсатты несиелендiру;

шағын кәсiпкерлiк және өзiн-өзi жұмыспен қамту саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдасына олардың екiншi деңгейдегi банктерден несиелер алуы үшiн кепiлдiк беру;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку