(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.06.00 Ж. № 830 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын
әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 2 маусымдағы № 830 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1464; 20.12.01 ж. № 1666; 27.06.03 ж. № 623
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 440 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 21 ақпандағы № 268 қаулыларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын уақытылы және сапалы әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Санақтың ұйымдық-методологиялық ережелерінің, оның материалдарын өңдеу құралдары мен бағдарламалық-технологиялық процесінің сапасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2000 жылғы қыркүйек-қазанда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында байқау Санағын жүргізсін. Оның қорытындыларын өңдеу мен талдауды 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқтасын, негізгі Санақтың бағдарламасы мен құралдарына түзетулер енгізсін.
ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1464; 20.12.01 ж. № 1666 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері мынадай шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін:
ауылдық жерлерде - 2004 жылдың 1 шілдесіне дейін елді-мекендердің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа (фермер) қожалықтарының, ұжымдық бағбандық кооперативтер мен бау-бақшалардың, жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін нақтыласын;
Редакция документа
Демо – версия документа