(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 4 НАУРЫЗДАҒЫ № 207 ҚАУЛЫСЫ
"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 Қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 390 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оның жарғылық капиталына мемлекет 50 пайыз қатысатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне құрылатын Қоғамның жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының елу пайыз үлесiн қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 200000 (екi жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшерде ақша бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттік бiртұтас кәсiпорнымен Қоғам құру туралы құрылтай шартын жасасуды;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берудi;
3) Қоғамды құру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа