Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегі № 1276 және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 378 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1276 және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 378 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Республикалық "Жетi Жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң газетiнiң қызметiн жетілдіру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк журналын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегi № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 31, 383-құжат):

1 және 2-тармақтар алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 457-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 2-тармағы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку