(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 7 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 938 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
комитетiнiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру мен қайта
атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі №
938 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен;
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа