Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.02.03 Ж. № 189 ҚАУЛЫСЫ

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк
экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда
гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік
кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 189 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:

1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;

2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку