Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1431 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық
бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Орталық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы;

2) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспалары тiркеу сынағынан, байқап тексеруден өткізу, сондай-ақ шағым болған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Ветдез" республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi:

1) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку