Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 327 Қаулысы (2007.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 10 қаңтардағы
№ 23 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 327 Қаулысы

(2007.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсiн:

1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

3-бағанда:

6-тармақтың жетіншi абзацы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

", бөренелер тiлу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда";

43-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"бөренелер тілу жөніндегі жұмыстар";

2) ҚР Үкіметінің 2007.30.06. № 555 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции