«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 283 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкiмшiлiк ғимаратының дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 283 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметтiк ғимаратын пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкiмшiлiк ғимаратының дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорын қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметтік ғимаратын пайдалануға, оған және оның аппаратына көлiктiк қызмет көрсетуге, жабдықтау функцияларына байланысты қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты» мемлекеттік мекемесiн Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы етiп белгілеу туралы ұсынысымен келісілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен:
Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң бекiтуiне енгiзсiн;
Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |