Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 227 Қаулысы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы
№ 572 қаулысына толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 227 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Мемлекеттік органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектілерінің қызметiне тексерулер жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 254-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттік органдардың тексерулер жүргiзу ережесінде:

3-тармақтағы "атқарушылық iс жүргiзуге," деген сөздерден кейiн "мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргiзетiн тексерулерге," деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку