«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 225 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 225 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Помологиялық бақ» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |