Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 220 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 220 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 Қаулысымен күші жойылды

 

«Өрт қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi туралы ережеде:

9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелері жоқ объектiлердi салуға арналған жобалық шешiмдердi келiседi.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку