Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында гидроэнергетиканы дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 161 Қаулысы

“Қазақстан Республикасында гидроэнергетиканы дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 161 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазҚуат" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметiнiң негiзгі мәнi:

1) энергия өндiрушi ұйымдарды салуды, қайта жаңартуды және жаңғыртуды ұйымдастыру;

2) құрылатын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестициялар салуды жүзеге асыру;

3) жұмыс істеп тұрған және құрылатын энергия өндiрушi ұйымдарға қатысу үшiн әлеуеттi инвесторлар тарту болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қоғамның жарғылық капиталына ақы төлеу үшін 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервінен 149244000 (бiр жүз қырық тоғыз миллион екi жүз қырық төрт мың) теңге бөлсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның жарғылық капиталын:

осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнген ақшалай қаражатқа ақы төлеу;

"Шардара СЭС" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн беру жолымен қалыптастыруды;

2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берудi;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен құрылатын "Мойнақ СЭС" акционерлік қоғамы жарғылық капиталының 49 (қырық тоғыз) пайызы мөлшеріндегі үлесiне ақы төлеуге Шарын өзеніндегі Бестөбе су қоймасында салынып жатқан Мойнақ су электр станциясының бастапқы циклінің мүлкін беру шартымен "Бірлік" акционерлік қоғамының қатысуымен, Қоғамның "Мойнақ СЭС" акционерлік қоғамын құруын қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-98-жолмен толықтырылсын:

"123-98 "ҚазҚуат" АҚ";

2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 20-2-жолмен толықтырылсын:

"20-2 "ҚазҚуат" АҚ";

3) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтілген 2006 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендіруге, оның ішiнде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесінде:

реттiк нөмірі 19-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-жолмен толықтырылсын:

"55 "ҚазҚуат" АҚ" (Алматы қаласы) 100 %".

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

Д: Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку