Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісім (Бурабай, 2015 жылғы 29 мамырда)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісім (Бурабай, 2015 жылғы 29 мамырда)

Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау,
салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы
келісім
(Бурабай, 2015 жылғы 29 мамырда)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 Қаулысымен бекітілді

2016 жылғы 25 наурызда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімнің ережелерін орындау кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында

өлшем бірлігін және дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықтың экономикалық орындылығын ескере отырып,

өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу жөніндегі метрологиялық қызметтердің тиімді қызметіне мүдделі бола отырып,

мемлекетаралық ретінде «МемСТ» аббревиатурасы бар стандарттардың қолданысын сақтау және оларды пайдалана отырып өлшем әдістері мен құралдарына, метрологиялық нормалар мен қағидаларға, өлшем процестеріне, олардың нәтижелерін өңдеуге және ұсынуға қойылатын талаптарды артықшылықпен қалыптастыру қажеттілігін назарға ала отырып,

осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында өлшем бірлігі ретінде (SI) Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірлігін тани отырып,

өздерінің шама бірлігінің ұлттық эталондарын «басты», өңіраралық, мемлекетаралық немесе екіжақты салыстырып қарауға қатыстыруды қамтамасыз ете отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаты: өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу және осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде жасалған өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, жеке-дара даналарын сынау (метрологиялық аттестаттау), сондай-ақ осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде жүргізілетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін тануға қолдану нәтижелерін өзара танудың негізгі шарттарын айқындау болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку