БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ
Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 21 сәуір N 616
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 мамырдағы N 475 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы заемдарды іске асырудың және игерудің барысын бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған N ПГ, N 01, N 02, N 03, N 04, N 05, N 06 және N 07 нысандар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне N 01 нысан бойынша есеп беретін болсын.
3. Мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
N 02 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
N 03 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
N 04 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
N 05 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
N 06 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
2) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне:
N ПГ нысаны бойынша жыл сайын, әрбір жылдың 25-қаңтарына жоспар-кесте;
N 07 нысан бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне есеп ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 21 сәуірдегі
N 616 қаулысымен
бекітілген
N ПГ нысаны
Редакция документа
Демо – версия документа