Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан

айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк

әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының

1997 жылғы 16 маусымдағы N 126-I Заңы

(ҚР 05.04.99 ж. N 366-1; 16.11.99 ж. N 482-1;

21.03.02 ж. N 308-II; 09.01.03 ж. N 382-II;

2004.20.12 N 13-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

1 тарау. Жалпы ережелер

ҚР 16.11.99 ж. N 482-1 Заңымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметтiк

жәрдемақылар алуға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.

4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне кiредi және мүгедектiгiне, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты оларды алуға мұқтаж азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттiң мезгiл-мезгiл төлеп тұруы болып табылады.

2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi орталық атқарушы орган.

2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку