(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен
бекiтiлген
Осы редакция 2004 ж. 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
Аэроғарыш комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) құзыретi шегiнде аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ осы саладағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес өкiлеттілік берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
4. Комитеттiң құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Алматы қаласы, Фурманов көшесi, 50.
6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетi" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Демо – версия документа