(КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.08.04 Ж. № 854 ҚАУЛЫСЫ
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы N 854 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Демо – версия документа