(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 13 тамыздағы N 860 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату";
реттiк нөмiрi 31-1-жолдың 3-бағанындағы "этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа), сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген I-бөлiмнiң 14-тармағындағы "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
Демо – версия документа