Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ..21.04.03 Ж. № 140 ҚАУЛЫСЫ

Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1199 тiркелген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан

Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу

және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2

маусымдағы N 266 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 21 сәуірдегі N 140 қаулысы

Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 1 қыркүйектегі N 319 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ережесi мен құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы негiзiнде бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттерi - екiншi деңгейдегi банктер шығаратын банктiк депозиттiк сертификаттар бағалы қағаздар деп танылсын.

2. Банктiк депозиттiк сертификаттарды меншiктi бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) эмиссиясына және депозиттер қабылдауға, заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуға және жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер шығаруға құқылы деп белгiленсiн.

3. Банктiк депозиттiк сертификат - оны шығару талаптары үшiн белгiленген айналыс мерзiмi бiткеннен кейiн не бiткенге дейiн оның нақты құнын, сондай-ақ шығару талаптарымен белгiленген мөлшерде сыйақы алуға оның ұстаушысының құқығын куәландыратын эмиссиялық емес атаулы бағалы қағаз деп белгiленсiн.

4. Банктiк депозиттiк сертификат:

1) құжаттандырылмаған нысанда шығарылатыны;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку