(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 13 МАМЫРДАҒЫ № 415-II ҚР ЗАҢЫ
Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(2003 жылғы 29 қарашадағы N 500-ІІ ҚР Заңымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын адам;
2) акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;
Редакция документа
Демо – версия документа