(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 13 НАУРЫЗДАҒЫ № 243 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi
қайта бөлiстердiң өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы N 243 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.02.04 ж. N 132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 6.6.2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта бөлiстердiң өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай толықтыру енгiзілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
"15. "Қазақстан Республикасының металлургия кешенiнде төртiншi және бесiншi қайта бөлістердің өндiрiстерiн құруды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 13 наурыздағы N 243 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының металлургия кешенінде төртінші
және бесінші қайта бөлістердің өндірістерін құруды ғылыми-техникалық
қамтамасыз етудің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Редакция документа
Демо – версия документа