(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Инновациялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының
2002 ж. 3 шілдедегі N 333-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi, мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асырудың негiз болатын принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттiк инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi;
2) инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет;
3) инновация - инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер;
4) инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi;
5) инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат;
6) инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы;
7) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiк шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылық пен мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Демо – версия документа