(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2002 Ж. 24 МАУСЫМДАҒЫ № 329-II ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" заң
күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 329-ІІ Заңы
Осы редакция 2004 жылғы 11 маусымдағы N 562-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
2. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн айқындайды, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерiн белгiлейдi.".
3. Тараулардың тақырыптарындағы "I", "IV" және "V" деген цифрлар "1", "4" және "5" деген цифрлармен ауыстырылсын.
4. 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі - кәсіпкерлерге), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі - ұйымдарына) қолданылады.
2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жөнiндегi өзге де нормативтiк құқықтық актiлеріне, бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп берудi жасауға міндетті.
2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен
Редакция документа
Демо – версия документа