Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2002 Ж. 29 СӘУРДЕГІ № 587 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы Қазақстан

Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 сәуірдегі N 857 Жарлығы

Осы редакция ҚР Президентінің 2003 ж. 5 қарашадағы N 1222 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің

2002 жылғы 29 сәуірдегі N 857 Жарлығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Ұлттық кеңес қызметінің басты мақсаты мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, барлық билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеруді қамтамасыз етуде, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауда Мемлекет басшысына жәрдем көрсету болып табылады.

3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку