(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн
салығынан босату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы N 84 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.09.02 ж. N 1071; 21.10.02 ж. N 1135;
21.02.03 ж. N 183 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 cәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiнде:
Редакция документа
Демо – версия документа