(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N
1213 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада:
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) туристiк операторлық қызмет 5
туристiк агенттiк қызмет 15
экскурсиялық қызмет 5
туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету 1";
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"туристік операторлық қызмет,
туристік агенттік қызмет,
экскурсиялық қызмет,
туризм нұсқаушысының қызметін көрсету";
3) "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 505-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi туралы ережеде:
Демо – версия документа