(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика
өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу
және өндіріске енгізу" республикалық ғылыми-техникалық
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 24 шілдедегі N 996 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 1 сәуірдегі N 315 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту үшiн бiрегей фитопрепараттарды әзiрлеу және өндiрiске енгiзу" республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тiзбесiндегі 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 24 шілдедегі
N 996 қаулысымен
бекітілген
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ
БАҒДАРЛАМА
2002-2006 жылдарға арналған
"Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту
үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу"
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту
үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу
Редакция документа
Демо – версия документа