(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 20 ШІЛДЕДЕГІ № 983 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 20 шілдедегі N 983 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.09.01 ж. N 1146; 17.06.02 ж. N 662;
31.10.03 ж. N 1081 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 қарашадағы N 1081 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне үш вице-министр болуына рұқсат етiлсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 394 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 119-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 12-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа