(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның
үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 23 мамырдағы N 692 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:
1) имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау әдістерін жасау және енгізу;
2) азаматтардың рухани және тән саулығына дәстүрлі емес әдістер ықпалының тәжірибесін зерделеу;
3) халықтың рухани және тән саулығын сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми сынақтан өткізу және енгізу.
3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа