(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
1997 жылғы 18 қарашада жасалған Өзара кепiлдiктер туралы
келiсiмнің кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы N 598 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"БГ п.л.к." және "Аджип С.п.а." компанияларының болып өткен қайта ұйымдастырылуына байланысты және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 37 қаулысының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған ЭНИ С.п.а., Аджип Қарашығанақ Б.В., Транско п.л.к., БГ Интернэшнл Лимитед, Тексако Инк., Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және БГ Групп п.л.к. арасында жасалатын 1997 жылғы 18 қарашадағы Өзара кепiлдiктер туралы келiсiмге өзгерiс туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi туралы ережеде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiм бөлу туралы келiсiмдерде көзделген мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан кепiлдiктер беруге."
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 3 мамырдағы N 598
қаулысына
қосымша
1997 жылғы 18 қарашада жасалған
ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС
ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
Осы ӨЗАРА КЕПIЛДIКТЕР ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ӨЗГЕРIС ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ 2001
Редакция документа
Демо – версия документа