(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын
конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегіN 545 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. N 272 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияның 1-бабында көрсетілген ресми құжаттар қосымшаға сәйкес, сол құжаттарға апостиль қою жолымен куәландырылады деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. N 272 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі республиканың білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі - көші-қон полициясының құрылымдық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттар көшірмелеріне;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (келісім бойынша) - сот органдарынан және атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға;
Демо – версия документа