(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТЫҚ ТУРАЛЫ ҚР 19.01.01 Ж. № 143-II ЗАҢЫ
Астық туралы Қазақстан Республикасының
2001 ж. 19 қаңтардағы N 143-II
Заңы
(ҚР 11.07.01 ж. N 231-11 Заңымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2003 ж. 13 қазандағы N 488-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.01 ж. N 231-11 Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент - мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын және өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыратын ұйым;
2) аттестаттау - жеке және заңды тұлғалардың сортты жаңарту мен сортты ауыстыру үшiн ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұқымдарын өндiру және сату жөнiндегi элиталық-тұқым өсiру ұйымдарының мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
4) тұқым аттестаты - элиталық тұқымның сорттылық және себу сапасын растайтын құжат;
5) мемлекеттiк астық ресурстары - азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшiн жасалған мемлекеттiк астық запастары;
6) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке (немесе) заңды тұлға;
7) астық қолхатын ұстаушы - астық қолхатының меншiк иесi және (немесе) оны нақты ұстаушы;
Демо – версия документа