Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

АНЫҚТАМА ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.22.09 № 1428 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер

қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті

депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк

iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 2001.04.18. N 514

қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 17 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2000 жылғы 22 қыркүйектегі

N 1428 қаулысымен

бекiтiлген

Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер

қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті

депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi

қызметтік iссапарлары туралы

ЕРЕЖЕ

ҚР Үкіметінің 2001.04.18. N 514 қаулысымен тақырыбы өзгертілді

Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне шығыстарын өтеудің тәртiбi мен шарттарын анықтайды.

1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.

Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку