Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының

Заңы 2000 жылғы 7 маусым N 53-II

Осы редакция 2004 жылғы 9 маусымдағы N 558-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.

 1-тарау. Жалпы ережелер
 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - метрологиялық жұмыстардың нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігі мен өкілеттіктерін уәкілетті мемлекеттік органның ресми тануы;

2) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында негізгі деп танылған шама бірлігінің эталоны;

3) мемлекеттік метрологиялық қадағалау - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөнінде жүзеге асыратын қызметі;

4) шама бiрлiгi - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берiлген белгіленген мөлшердiң физикалық шамасы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку